«Ұшқыр ой алаңы»

«Ұшқыр ой алаңы»

2021 жылдың 27 наурыз күні Республикалық «Ұшқыр ой алаңы» идеясын жүзеге асыру мақсатында Ақтөбе облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен Ақтөбе мектеп лигасының жас буындарына арналған облыстық онлайн турнирі өтті.
📍Облыстық онлайн пікірсайыс турниріне Ақтөбе облысының білім беру ұйымдарынан 64 команда қатыстырылып, турнир нәтижесі бойынша ауданымыздың оқушылары төмендегідей орындарға ие болды.
🥇 орын — « *ERIST* » фракциясы- Сермағамбетова Сая, Аманғали Назымгүл Ембі қалалық №4 ЖББ орта мектебінің оқушылары;
Дебат жетекшісі: Оразбаева Дина Айтжанқызы.
🥉 орын — « *Феникс* » фракциясы- Мұңайтпасова Асылгүл, Амирханова Маргарита- Сағашилі ЖББ орта мектебінің оқушылары;
Дебат жетекшісі: Мусина Айнур Абдигаруровна.
«Тапқыр ойыншы» номинациясы- Майлишов Айбол- « *Парасат* » фракциясы, Ембі қалалық №2 ЖББ орта мектебінің оқушысы;
Дебат жетекшісі: Албілекова Маржанкүл Серікқызы.
Облыстық турнир қатысушыларынан алынған сауалнама нәтижесінде іріктеу ойындары бойынша «Есте қалған төреші» номинациясы- Өтемісова Нұрай, Ембі қалалық №7 ЖББ орта мектебінің оқушысы;
Дебат жетекшісі: Байтанова Радина Жанибековна.
📍Турнирдің төрешілері және жеңімпаздары- Ақтөбе облыстық білім басқармасының дипломдарымен, мақтау қағазы және Алғыс хаттармен марапатталады.
Жүлделеріңіз құтты болсын! Биік белестерден көріне беріңіздер!