“Үздік Тәуелсіздік құрдастары” атты кездесу кеші өткізілді.

“Үздік Тәуелсіздік құрдастары” атты кездесу кеші өткізілді.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл меркесіне орай Мұғалжар аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық кәсіподақ ұйымының демеушілігімен “Үздік Тәуелсіздік құрдастары” атты кездесу кеші өткізілді. Шараға тәуелсіздікпен құрдас білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының куәгерлері Жолдасова Гамзат Айтжановна, Қүрманалина Жұмагүл Бакитжановна, Сейсова Макура Темировна қатысты.
    Тәуелсіздік таңымен бірге дүниеге келген жастар облыстық кәсіподақ ұйымының Алғыс хаты мен аудандық білім бөлімі және кәсіподақ ұйымының Алғыс хатымен марапатталды. Шағын сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, желтоқсан оқиғасының куәгерлеріне Шипажайға демалуға сертификаттар табысталды.