Бос  лауазымға  тағайындау үшін ашық конкурс жариялаймыз.
[:kk]Clock show 5 am or pm on wood background with copy space. clipping path in picture.[:]

Бос  лауазымға  тағайындау үшін ашық конкурс жариялаймыз.

«Ақтөбе облысының білім басқармасы Мұғалжар аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

           Бос  лауазымға  тағайындау үшін ашық конкурс жариялайды «Ақтөбе облысының білім басқармасы Мұғалжар аудандық білім бөлімі» ММ-сі, Ембі қаласындағы «Достық бөбекжай-бақшасы» МКҚК, меңгерушісіне.

Атқаратын негізгі міндеттері:  Нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту және тәрбие ұйымның (бұдан әрі – Бөбекжай-бақшасы (ББ) қызметін басқарады. Педагогикалық кеңеспен бірге белгіленген тәртіппен оқу жұмыс жоспарларын, негізгі (вариативті, авторлық), қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді, оқу-тәрбие процесі барысында білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды.

Білім беру ұйымын басқару құрылымын анықтайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді. Тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Қоғамдық педагогикалық ұйымдар мен әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді. Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайту, тамақтандыру және балаларға дәрігерлік қызмет көрсету үшін ұйымды қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардан түскен қаражат пен оның жұмсалуы туралы есеп береді. Оқу-материалдық базаны сақтау мен нығайтуды, есеп жүргізуді, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) өзара байланысты жүзеге асырады. Педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді. Кадрлардың кәсіби шеберліктерін арттыруға жағдай жасайды. Белгіленген тәртіппен қызметкерлерді аттестаттаудан өткізеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыретті меңгерген болуы тиіс.

Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Мемлекеттік, қоғамдық және басқа да ұйымдарға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымын танытады. ББ-ның қызметі туралы қажетті есеп дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары педагогикалық білім және мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерде 5 жылдан  кем болмауы тиіс, ауылдық жерде 3 жылдан кем болмауы тиіс. Азаматтық  қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы  2  ақпандағы  № 70  бұйрығымен  бекітілген.

Әңгімелесу комиссиясын өткізген кезінде конкурсқа қатысушылар білімі төмендегідей тексеріледі:

Қазақстан  Республикасының  Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы», Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңдары және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогика және психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғауды, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азаматтар «Ақтөбе облысының білім басқармасы Мұғалжар аудандық білім бөлімі» ММ-не мына құжаттарын тапсырады: қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу  туралы өтініш;жеке басын куәландыратын құжаттын көшірмесі; толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақты ( нақты тұратын мекен-жайы мен байланыс телефондарын көрсетіп); лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың  көшірмесі; алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжаттама.

Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелері  мен атақ беру,ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдынғы жұмыс орындағы басшылық берген ұсынымдар және т.с.с. )  бере алады.

Байқауға қатысқысы келетін азаматтар қажетті құжаттарын осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарының («Мұғалжар» газетінде) ресми басылымдарында жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күн ішінде құжаттарын төмендегідей мекен-жайға тапсыруға тиісті: Қандыағаш қаласы, Жастық мөлтек ауданы 2 Д, «Ақтөбе облысының білім басқармасы  Мұғалжар  аудандық білім бөлімі» ММ Анықтама телефоны: 3-18-41,  факс 3-55-62;

Қызметке қабылданғандарға  көшіп-қону көтерме қаржысы төленбейді, тұрғын  үй  және түрлі жеңілдіктер берілмейді.