Жарыс өтті

Жарыс өтті

Мұғалжар аудандық білім қызметкерлер кәсіподағы ұйымының демеушілігімен ағымдағы жылдың 1-2 қараша күндері білім бөлімінің жоспарына сәйкес мұғалімдер Спартакиадасы бағдарламасындағы волейбол (ерлер), тоғызқұмалақ, шахмат ойындарынан жарыс өтті. Нәтижесінде волейболдан
І орынға #4 Қандыағаш қалалық ЖББОМ; ІІ орынға Жаңажол ЖББОМ; ІІІ орынға Қандыағаш қаласының #3 МГ ие болды.
Тоғызқұмалақтан
І орынға #1 Ембі қалалық ЖББОМ; ІІ орынға Қандыағаш қаласының #3 МГ; ІІІ орынға Қ.Жұбанов атындағы ЖББОМ ие болды.
Шахматтан жүлделі І орынға Қандыағаш қаласының #3 МГ; ІІ орынға #5 Қандыағаш қалалық ЖББОМ ; ІІІ орынға Қ.Жұбанов ат. ЖББОМ ие болды.
Ұпай есебі бойынша жалпы командалық 1-орынды #4 Қандыағаш қалалық ЖББОМ ;
2-орынды Қандыағаш қаласының #3 МГ ;
3-орынды #5 Қандыағаш қалалық орта мектептері ие болды. Жеңімпаздар аудандық білім бөлімінің және кәсіподақ ұйымының алғыс хаттарымен медальдармен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.