«ҰЛЫ ДАЛА ӨРКЕНИЕТТЕРІ» атты байқауының нәтижелері жарияланды

«ҰЛЫ ДАЛА ӨРКЕНИЕТТЕРІ» атты байқауының нәтижелері жарияланды

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ мемлекеттік гранттық қаржыландыру аясында “Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру” атты әлеуметтік жоба шеңберінде “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігі “Орта білім беру ұйымдары арасында «Ұлы дала өркениеттері» байқауы өтті.
   Байқау ағымдағы жылдың тамыз айының 18 жұлдызында бастау алды. 18 тамызбен — 10 қыркүйек арасында байқауға қатысу үшін еліміздің түк-түкпірі 14 облыс пен республикалық маңызы бар үш қаладан youthunion.kz бірлестіктің ресми сайты арқылы Мұғалжар ауданының білім бөліміне қарасты Қандыағаш қалалық №3 МГ және Сағашилі ЖББОМ өтінім беріп.
   Байқаудың алдың ала есептеуінің нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің жеті депутаты, Олимпиада ойындарының жеті қатысушысы, облыстық, қалалық аудандық мәслихаттарының 60 депутаты, үкіметтік емес ұйым өкілдерінен 46 адам тікелей қатысушы болды. Өтінім берген білім беру ұйымдардан 89 мекеме іс шара өткізсе, оның ішінде 59 мектеп міндеттелген барлық іс шараны өткізген. Байқау аясында 1037 іс шара өткізіліп, 104 475 адам адам қамтылды.
   Байқау қорытындысы бойынша Сағашилі ЖББ орта мектебі 138 мектеп ішінен 1261 балл жинап, 5 орынға «ЖАҢАШЫЛ ҰЖЫМ» НОМИНАЦИЯСЫ және КММ арнайы диплом мен 100 мың теңгелік сертификатпен марапатталды.
  Байқау мақсаты Қазақстан халқының сабақтастығына мәдениетін, ана тілін, ұлттық дәстүрлерін сақтауға және дамытуға, дәстүрлерді жаңғырту және дамыту проблемасына, ұлттық және мәдени бірегейлікті сақтауға, сондай-ақ жастарды өз халқының мәдениетіне, халық шығармашылығына тартуға жәрдемдесу.
@sagashili_om Барша мектеп ұжымындағы мұғалімдер мен оқушыларға алғыс білдіреміз!