Мектеп тамақтану 2021-2022

Мектеп тамақтану 2021-2022

 Жем  қаласының  №5 жалпы білім беретін орта мектебі бойынша, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы   24 сәуірдегі № 158 бұйрығына  10-қосымша  «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету стандартына сәйкес, анықталған жекелеген санаттағы №1 қосымшаға сәйкес  білім алушылар мен тәрбиеленушілерге тегін және жеңілдікпен тамақтандыру білім беру ұйымдарында жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.

  Мемлекеттік қызмет көрсету нысанына  тіркеу үшін алдымен жеке санаттарға жататындарды  анықтап алу. Жеке санаттарға жататындар:
1). Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан    балалар
2). Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар
3). Төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар
4). Білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жататын (жұмысыз, ешқандай көмек алмайтын) отбасылардан шыққан балалар жалпы оқыту қорынан берілетін бір мезгіл ақысыз ыстық тамақпен, қыстық киіммен, кітаппен қамтылады.

2021-2022 оқу жылында мектебіміз бойынша -10 оқушы аз қамтылған отбасылар тізіміне алынды. Құжаттар толық бар.

Тіркеуге алынған  оқушылардың ата -аналарынан  өтініштері алынып, қабылданды..Осы өтініштен кейін мектеп асханасынан тамақтанатын бала саны есептеліп, мектеп директоры, брокеражды  комиссия  мүшелерімен  бірлесе отырып бекітілді.

Мектепке өнім беруші, ИП Курманов Кенжибек Амангельдиевичпен шарт жасалынды. Ыстық тамаққа бөлінген қаражат толық игеріліп,үнемделді. Оқушылардың тамақ ішпей қалған кездері  болған жоқ,  уақытылы ішіп отыр. Тамақтардың перспективалық мәзір ІҮапталық маусымдық(жаз-күз, қыс-көктем) жасалған, құрылған. Мәзірге қойылатын талаптар толық орындалып отыр. Тәуліктік сынамаларға қойылатын талаптар, дайын тағамдардың сапасын  бақылау үнемі жүрізіледі. Тамақты даярлау кезінде белгіленген санитарлық –гигеналық ережесін сақтау асхана аспазшысы Г,Жалпаковаға жүктелді.  Ас блогының персоналдында жұмысқа  жіберілген туралы  белгісі бар жеке медициналық кітапшасы бар (6айда бір рет медициналық тексерістен өтіп отыр. Асхана қызметкерлері туралы мәліметтер жиналды және ол кісілердің медосмотр өткендігі қатаң түрде қаралады.

Мектеп медбикесі О.А.Калиева жеткізілетін өнімдерді қадағалап, олардың өңдеу мен пайдалануға дайындау барысында жедел бақылау жүргізеді, сонымен қатар шығарылатын өнім сапасын қабылдау кезінде бақылау қамтамасыз етіеді.   Мектеп әкімшілігі мен мектеп   медбикесі тарапынан  бақылау бар.  Жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен тегін тамақтануға құқығы бар аз қамтылған отбасылардың балалары тамақтандырылады.  Балаларға берілетін ыстық тамақтың жалпы соммасы 507 теңгені құрайды.

          Тамақтану кезінде асханада тәртіп қадағаланады,  медбике О.А.Калиева тамақтың сапасының  жақсы болуын, тамақ даярланатын  ыдыс-аяқтардың  санитарлық –гигеналық талаптарға сай болуының қадағалап отырады. Сонымен қатар, мектеп медбикелері мектеп оқушыларының арасында тамақтануға байланысты сауалнама, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сауалнама қорытындысына сәйкес, балалардың басым бөлігі зиянды заттарды жазған олар: квастар, фритюрде қуырылған өнімдер, паштет, пісірілген  жұмыртқа, кремі бар  кондитерлік өнімдердің  және т.б болмайтыны айтылған.

          Мектеп тарапынан құрылған бракеражды комиссия мүшелері ыстық тамақты  үнемі тексеріп,жүйелі жұмыстар жүргізіп отыр.

Мектебіміздегі аз қамтылған отбасы балаларына берілетін ыстық тамаққа  мұғалімдер тарапынан кезекшілік  құрылып, бекітілді. Жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізіліп отыр.