“Парасатты азамат” бұрышы

“Парасатты азамат” бұрышы

Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде сыбайлас  жемқорлыққа қарсы  көзқарасты қалыптастыру мақсатында «Адал  ұрпақ»  еріктілер клубында  іс-шаралар жоспары бекітіліп жұмыстар жасалуда. Клуб мүшелері  9-11 сынып  оқушыларынан  құралған. Жетекшісі: педагог ұйымдастырушы Бокашева Жадыра Бекболовна.

Мектепте оқушылар, педагогикалық ұжым, жалпы азамат үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Парасатты азамат» тақырыбында бұрыш жасалған.                                                                                      «Парасатты  азамат» бұрышы мектептің кіреберіс дәлізіне орналасқан .

Бұрышта «Адал ұрпақ» клубының мақсат, міндеттері,  мүшелерінің тізімі, эмблемасы, секциялары жайында ақпарат және «Қазақстан-2050» сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегисы ілінген.

Бұрыштың мақсаты:  жас  ұрпақты Отансүйгіштіккке,  азаматтылыққа, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне  құрметпен қарауға , адамгершілік сезімдер мен этикалық сананы, еңбекүйгіштікке, оқуға, еңбекке, өмірге жасампаздықпен қарауға, адалдыққа  тәрбиелеу.