Мектеп тамақтану 2021-2022

Мектеп тамақтану 2021-2022

Мектебімізде 2021-2022 оқу жылының қыркүйек айынан бастап «Жалпы білім беретін мектептердегі білім мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілген қызмет стандарты негізінде жұмыстар жүргізіліп жатыр.  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығының  10-қосымшасы “Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен  тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және  жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну”, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына сәйкес, осы қағидалар   «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 21-тармақшасына сәйкес ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 1 ата-анадан  4 өтініш түсті. Ата – ананың өтініші мақұлданып, аудандық білім бөліміне ұсынылды.  

Сонымен қатар «Білім беру обьектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар » санитарлық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығы негізінде тамақтану сапасын мерзімдік бағалауды жүргізу  және  ыстық тамақтың ұйымдастырылуын бақылау мақсатында  бракеражды комиссия  құрылып, құрамы бекітілді.

 Мектепте  оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға барлық жағдай жасалған. Асхана барлық талаптарға сай, асхананың күнделікті жұмысын, тазалығын мектеп медбикесі Д.Мурзағалиева бақылап отырады.