Адалдық дүкені

Адалдық дүкені

Қандыағаш  қаласы №3 мектеп-гимназиясы бойынша «Адалдық дүкені» акциясы ұйымдастырылды. Аталған акция мақсаты-жастар арасында адалдық пен адамгершілік сияқты оңтайлы моральдық қасиеттерді қалыптастыру. Мұндай қасиеттердің әр оқушының бойында болуы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуде үлкен рөлге ие. Аты айтып тұрғандай «Адалдық дүкеніне» талап бойынша кез келген тауарды сатып алғысы келген адам оның ақысын арнайы жәшікке тастап кетуі тиіс. Адалдық дүкенінде  калькулятор, төленетін ақшаға арналған арнайы жәшік орнатылды. Сатып алушы қажетті тауарды алып болған соң өзі құнын есептейді. Қажетті соманы жәшікке салып, артық ақшаны өз бетімен қайтарып алады.  Адалдық дүкенінде ешкім сатып алушыларды бақыламайды және тауардың ақшасын төлемей алып кетуіне кедергі жасамайды. Бейнебақылау камералары да, күзет те жоқ. Барлығы сенім мен адалдыққа негізделген.   Өскелең ұрпақты жақсы қасиетке баулуды көздеген бұл жоба сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыруға да оң әсер етеді. Қандыағаш қаласы №3 мектеп-гимназиясында «Адалдық дүкені» жақсы деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар үшін болашақта сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуде үлкен үлесін қосты. Дүкенімізден оқушылар өздеріне қажетті оқу құралдарын сатып алды.