Адалдық дүкені

Адалдық дүкені

«Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді» және «Адал жол – адал ұрпақ бастауы» –  демекші, адам бойында қалыптасқан адалдық ұғымы қашан да адамның бойында адамгершілік пен жауапкершілік қасиеттерін нығайтады.

«Адалдық дүкендері» өсіп келе жатқан ұрпақ бойында адалдық қасиеттерін нығайта отырып, білім ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға септігін тигізетіні анық.
Жобаның мақсаты – қоғамда сенім атмосферасын қалыптастыру және азаматтарды адалдыққа баулу. Осы мақсатта, білім ордамыз – Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде «Адалдық дүкені» жұмыс жасауда. Дүкенде қолжетімді бағадағы оқу-құралдары сатылымда тұр. Бұл жерде сатушының болмауына байланысты өзіне-өзі қызмет ету жұмысы ұйымдастырылған. Алынатын тауарды оқушы өзі таңдап алады да, төленетін ақшаны жанындағы қорапқа салып кетеді. Мұндай әрекеттер оқушылардың жағымды моральдық қасиеттерін, соның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдыққа тәрбиелеуге бағыттайды. Сонымен қатар, өзінен кейінгілерге де, үлкендерге де өнегелі, үлгілі іс болары анық. Бұл жобаны жүзеге асыруда қоғамдағы жемқорлықпен күресуге, жастарды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу мәдениеті көзделіп отыр.