«Адалдық» дүкені

«Адалдық» дүкені

«Адалдық дүкендері» өсіп келе жатқан ұрпақ бойында адалдық қасиеттерін нығайта отырып, білім ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға септігін тигізетіні анық.
Жобаның мақсаты – қоғамда сенім атмосферасын қалыптастыру және азаматтарды адалдыққа баулу. Осы мақсатта, білім ордамыз –ЕЛЕК НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІНДЕ «Адалдық дүкені» жұмыс жасауда. Дүкенде қолжетімді бағадағы оқу-құралдары сатылымда тұр. Бұл жерде сатушының болмауына байланысты өзіне-өзі қызмет ету жұмысы ұйымдастырылған. Алынатын тауарды оқушы өзі таңдап алады да, төленетін ақшаны жанындағы терминалға (қорапқа) салып кетеді. Мұндай әрекеттер оқушылардың жағымды моральдық қасиеттерін, соның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдыққа тәрбиелеуге бағыттайды. Сонымен қатар, өзінен кейінгілерге де, үлкендерге де өнегелі, үлгілі іс болары анық. Бұл жобаны жүзеге асыруда қоғамдағы жемқорлықпен күресуге, жастарды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу мәдениеті көзделіп отыр.