«Парасатты азамат» бұрышы

«Парасатты азамат» бұрышы

  «Елек негізгі орта мектебі» мемлекеттік мекемесінде 2021-2022 оқу жылында «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыс жоспары құрылып, «Парасатты азамат»  бұрышы жасақталды. «Адал Ұрпақ» тобының негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады. Осындай мақсат , міндеттерді негізге ала отырып, мектебімізде 1-11 сынып оқушылары  арасында «Адал Ұрпақ» еріктілер клубының мүшелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.