АДАЛДЫҚ ДҮКЕНІ

АДАЛДЫҚ ДҮКЕНІ

 Мұғалжар аудандық білім бөлімінің 2019 жылдың 22 сәуірдегі  №1559 қатынас хатына сәйкес және    ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің тапсырмасы және Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.Тоғжановтың 2019 жылғы 1 сәуірдегі №04-23/2163 хатына сәйкес, Елбасының  2018 жылғы  5 қазандағы  Қазақстан халқына  Жолдауын іске асыру  мақсатында 2019 жылдың сәуір айында Қайыңды жалпы білім беретін орта мектебінде  «Ақтөбе-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды. Қазіргі таңда «Ақтөбе-адалдық алаңы»  жобасы аясында мектебімізде «Адалдық дүкені»  жыл сайын жұмыс жасауда.

      Ал, «Адалдық дүкенінің» ашылу мақсаты – оқушылардың бойына адалдық қасиеттерін сіңіру, оларды адалдыққа және әдептілікке баулу болып табылады.
Яғни, кез-келген оқушы сатушысы болмайтын аталған дүкеннен өзіне қажетті тауарды белгіленген құны бойынша тиісті бағасына сатып алып, ақшасын арнайы қойылған кассаға өткізеді. Осылайша, ешбір қадағалаушысы жоқ дүкеннен қажетті затын сатып алған оқушы қулыққа немесе қиянатқа жол бермей, өзін адалдыққа және әділдікке тәрбиелей алады.

    Акцияға мектеп оқушылары белсене қатысуда.

 «Ақтөбе-адалдық алаңы»  жобасын жүзеге асыру барысында   сәуір айында

Қайыңды ауылдық  округінің учаскелік инспекторы  Б.Уайсов пен    Ембі қалалық -кәмелетке толмағандар ісі жөнідегі полиция инспекторы  Сейталин Тілеген Тағыбергенұлының қатысуымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге  оқушылар  мен мұғалімдер қатысты .

     Жиналысымызды мектебіміздің  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ашып берді. ЖПБ Кәмелетке толмағандар жөніндегі полиция инспекторы: Сейталин Тілеген Тағыбергенұлы мектептегі жұмыс жасап жатқан «Ақтөбе-адалдық-алаңы»  жобалық кеңсесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыруға зор үлес қосатындығын атай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік қасиеттерді мектеп қабырғасынан бастап жастардың бойына сіңіру, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұдайы жүргізу сияқты іс-шаралардың маңыздылығына ерекше тоқталды.

    Сонымен қатар 9-11 сынып оқушылары азаматтық қоғам, құықтық мемлекет тақырыптарында өз ойларымен бөлісіп, келген қонақтарға көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.