Мұғалімдер Спартакиадасы

Мұғалімдер Спартакиадасы

Мұғалжар аудандық білім қызметкерлер кәсіподағы ұйымының демеушілігімен 13-14 қазан күндері білім бөлімінің жоспарына сәйкес мұғалімдер Спартакиадасы бағдарламасындағы волейболдан  ауданд әйел ұстаздары арасында жарыс өтті. 

Жарыс нәтижесінде жүлделі І орын #1 Ембі қалалық ЖББОМ, жүлделі ІІ орын #4 Қандыағаш қалалық ЖББОМ, жүлделі ІІІ орын #2 Қандыағаш қалалық ЖББОМ командалары ие болды.

Жеңімпаздар аудандық білім бөлімі және кәсіподақ ұйымының алғыс хаттарымен бағалы сыйлықтарымен марапатталды.