Мектеп тамақтану 2021-2022

Мектеп тамақтану 2021-2022

Асхана жұмысын ұйымдастыру уақыты – Скачать

Бракераж комиссиясын құру туралы бұйрық – Скачать

Бракераж комиссиясының жұмыс жоспары – Скачать

 «Ақкемер ЖББОМ» КММ 2021-2022 оқу жылындағы   оқушыларды тамақтандыру мен санитарлық – гигиеналық режим  туралы  мәлімет            

Мектеп  бойынша оқушылардың  ыстық тамақпен қамту  жұмыстарын ұйымдастыруға арналған нормотивтік құқықтың базаларын қалыптастыру  бағытында оқушыларға ыстық тамақты ұйымдастыру туралы ережесі мен мектепте тамақтануды ұйымдастыру жөнінде бұйрық шығарылды. Оқу жылының басында  мектеп  асханасының дайындығы  тексерілді. Мектеп директоры жанындағы кеңес өткізіліп, ыстық тамақпен қамтылатын оқушылардың тізімі жасалды.Оқушылар төмендегі санаттар бойынша метеп асханасынан берілетін тегін ыстық тамақпен қамтылады:

1) АӘК көмек алатын отбасыдан шыққан бала

2) АӘК алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасыдан шыққан бала

3) жетім бала, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыда тұратын бала

4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасыдан шыққан бала

5) білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жататын отбасыдан шыққан бала

Мектебімізде 1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан 5 оқушы; 2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан 3 оқушы, барлығы 8 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған.

Кезекші мұғалімдер асханадағы оқушылардың дұрыс тамақтануына, асхана тәртібіне  көңіл бөледі. Мектептегі тамақтануды ұйымдастыру бойынша  стенд безендірілді.

Мектепте тұрақты түрде қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізледі, оқушыларды өзіне қызмет көрсетуге және қоғамдық тамақтану орындарында өзін-өзі ұстау мәдениетіне үйретеді.

Жоспарлы түрде оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп отырады. Үйлесімді тамақтандыруды бақылау жүзеге асырылады,  мектептің медициналық қызметкерлері тамақтану мәдениеті мен салауатты өмір салтын насихаттау бойынша дәрістер ұйымдастырады, көрнекті насихаттау жұмыстары жүргізіледі: сурет байқаулары, сыныптарда денсаулық бұрыштарын жабдықтау жүзеге асырылады.

Оқу жылының басында оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын ұйымдастыру туралы бұйрық шығарылған, мұнда тегін ыстық тамақ алуға құқығы бар оқушылардың тізімдік құрамы бекітілген. Көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен топтарға жатқызылатын оқушылар санаттары ата-аналар тапсырған құжаттарға сәйкес анықталған.

Мектебіміздің медбикесі Н.У.Оспанова салауатты өмір салтын насихаттау, технологиялық құрылғылардың дұрыс жұмысын қадағалау да жатады,оны анықтау үшін үнемі оқушыларда анкеталар алынады.

Асхананың жағдайы мен дайындалған өнімдер сапасын, техникалық құрылғылардың жағдайын СанПИН нормаларына сәйкес тексеру жұмыстары ата-аналар комитетінің және оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру мен оның сапасын бақылау комиссиясы күшімен жүзеге асырылған.

Оқушыларды тамақтандыру  белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі.