Адалдық дүкені

Адалдық дүкені

2021-2022  оқу жылында А.Жұбанов атындағы ЖББОМ бойынша «Адалдық дүкені» жобасы өз жұмысын жаңа оқу жылында жалғастырды. Адалдық дүкені –тәрбие мекені болмақ. Жобаның басты мақсаты:қоғамда сенім атмосферасын қалыптастыру және оқушыларға өздерін жақсы, адал адам ретінде тануға мүмкіндік беру.»Адалдық дүкенінде» оқушылар өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысатын болады.Яғни ,дүкенде сатушы жоқ ,затты сатып алушылар өздеріне қызмет көрсеткен сауда орнының басты ерекшелігі де осында.Мұндай жобаны жүзеге асыру оқушылардың тәрбиесі мен адалдығын арттыруға бағытталады.