Мектеп тамақтану 2021-2022

Мектеп тамақтану 2021-2022

Қазақстан Республмкасының «Білім туралы» заңының 6- бабы 2- тармағының, 11- тармақшасына сәйкес, Мұғалжар ауданы А.Жұбанов атындағы ЖББОМ-нің әлеуметтік қорғалмаған отбасы балалары бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылуда. 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап, 1 мезгіл ыстық тамақтың құны 507 тг құрайды. Әлеуметтік қорғалмаған отбасы балалардың құжаттары ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылдың 13 сәуірдегі 198 бұйрығымен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтануды ұсыну» мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартына сәйкес қабылданды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылдың 31 қазандағы 598 бұйрығына сай орта білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитеті, мектеп әкімшілігі өкілдерінің білім беру ұйымдарының медицина қызметкерлерінің қатысуымен тамақтану сапасына, тағамдарды дайындау технологиясына, азық – түлік пен дайын тағамдарды сақтау мерзімдері мен шарттарының сақталуына мониторинг жүргізу кіреді.

2021-2022 оқу жылында А.Жұбанов атындағы ЖББОМ бойынша әлеуметтік қорғалмаған отбасыдан 5 оқушы мектеп асханасынан  бір мезгіл ыстық тамақ ішеді.

Меню 2021 год – Скачать