Мектеп тамақтану 2021-2022

Мектеп тамақтану 2021-2022

Қандыағаш қаласының №2 ЖББ орта мектебінің мектеп асханасының жұмысы 2021-2022 оқу жылы

Мектепте оқушылардың уақытылы және сапалы тамақтандырылуын, тамақтану сапасын және ұйымдастырылуын бақылау мақсатында бракераж комиссиясы құрылды. Бракераж комиссиясының құрамы мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі.Тамақтану  – Бракеражды комиссия шешімінің отырысымен басталады. Комиссия мүшелері анықталғаннан кейін ыстық тамақ ұйымдастырылуы басталады.

2021-2022 оқу жылы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25.01.2008 жылғы №64 Қаулысына сәйкес мемлекеттік атаулы көмек алатын -28 оқушы , жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасыдан шыққан -18 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Барлығы -46 оқушы. Комиссия мүшелері асхананың санитарлық тазалығы, ас мәзірі, тамақтың талапқа сай сақталуы, асхана қызметкерлерінің қызмет көрсетуі мен заңды талаптардың орындалуын бақылады. Бала денсаулығы, олардың дұрыс тамақтануы біздің қашанда басты назарымызда қала береді.