Мектеп тамақтану 2021-2022

Мектеп тамақтану 2021-2022

     Ы.Мұхамеджанов  атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде  2021-2022 оқу жылы бойынша  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы  № 64 қаулысы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылы 24 сәуірдегі №158 бұйрығының 10-қосымшасына сәйкес, әлеуметтік санаттағы-22 бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп жатыр. Мектеп әкімшілігі тарапынан кезекшілік құрылды. Күнделікті  гигиеналық талаптар сақталуда. Қазақстан Республикасы Денсаулық  сақтау  министрінің  2017 жылғы 16 тамызындағы  № 611 бұйрық   7-тарау 122 тармағына сәйкес  «Білім беру обьектілерін қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» қағидалары негізінде 2021-2022 оқу жылында тамақтану сапасын мерзімдік бағалау үшін  бракераж  комиссиясы құрылды, комиссия жоспар бойынша өз жұмысын  атқаруда.  Мектеп  асханасынан  берілетін   тегін ыстық  тамақтың  4 апталық  ас мәзірін  Ақтөбе  облыстық  білім  басқармасы  басшысының  келісімімен  және  Мұғалжар  ауданының  білім  бөлімінің  басшысының  бекітуімен  жүзеге  асырылуда. Осы ас мәзірі бойынша 1-4 сыныптар бойынша 11 бала,5-9 сыныптар бойынша 11 бала күнделікті тегін ыстық тамақ ішеді. 4 апталық ас мәзірі бойынша 1 балаға бекітілуге тиісті баға көрсеткіші 507 теңгені құрайды. Күнделікті ас мәзірінде көрсетілген тамақ  құрамының нормасы өлшеніп,бекітіліп отырады. Мектеп асханасында тегін тамақтанатын оқушылардың тамақтануын мектеп медбикесі,бекітілген комиссия мүшелері бақылауда.