Мектеп тамақтану 2021-2022

Мектеп тамақтану 2021-2022

ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАСЫНЫҢ  № 3 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ МЕКТЕП АСХАНАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ, 2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫ

Қандыағаш қаласы №3 мектеп-гимназиясында мектеп асханасын жетілдіріп , балалардың дұрыс тамақтануын  қамтамасыз етуді  жүзеге асыру мақсатында бракеражды комиссия мүшелерімен бірге асхананың жұмысына бақылау жұмыстарын жүргізді.  2021-2022  оқу жылы бойынша  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25.01.2008 жылғы №64 Қаулысына сәйкес  мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын-35 оқушы, жетім-4 оқушы, атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан  төмен отбасыдан шыққан -15 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Барлығы-54 оқушы. Комиссия мүшелері асхананың санитарлық  тазалығы, ас мәзірі, тамақтың талапқа сай сақталуы, асхана қызметкерлерінің  қызмет көрсетуі мен заңды талаптардың орындалуын бақылады.