Мектеп тамақтану (2021-2022)

Мектеп тамақтану (2021-2022)

Алтынды ЖББОМ бойынша 2021-2022 оқу жылындағы ыстық тамақ туралы мәлімет

Алтынды ЖББ орта мектебінде  2021-2022 оқу жылы бойынша   Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысы,  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығының 10-қосымшасына сәйкес, әлеуметтік санаттағы  2 бала  тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп жатыр . Асханада қазіргі жағдайға байланысты арақашықтық сақталуда. Мектеп әкімшілігі тарапынан кезекшілік құрылды .

Тамақтану  Мұғалжар ауданының білім бөлімінің басшысының бекітуімен және Ақтөбе облыстық  білім басқармасы басшысының келісімімен 4апталық ас мәзірі  негізінде  жүзеге асырылуда. 4апталық ас мәзірі бойынша 1балаға бекітілуге тиісті баға көрсеткіші 507 теңгені құрайды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамызындағы №611 бұйрық 7-тарау 122 тармағына сәйкес «Білім беру обьектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» қағидалары негізінде 2021-2022 оқу жылында тамақтану сапасын мерзімдік бағалау үшін бракераж комиссиясы құрылды, комиссия жоспар бойынша өз жұмысын атқаруда.