2021-2022 оқу жылындағы әлеуметтік қорғалмаған топқа жататын балаларды  тамактану сапасы бойынша талдау

2021-2022 оқу жылындағы әлеуметтік қорғалмаған топқа жататын балаларды тамактану сапасы бойынша талдау

«Мұғалжар жалпы білім беретін орта мектебі» КММ-сі

2021-2022 оқу жылындағы әлеуметтік қорғалмаған топқа жататын балаларды  тамактану сапасы бойынша талдау

СКАЧАТЬ – Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялардың (бракераждық комиссиялар) мониторингті жүзеге асыруы бойынша ұсынымдар. (Рекомендации по осуществлению мониторинга комиссиями по мониторингу качества питания (бракеражных комиссий))

СКАЧАТЬ – Білім беру ұйымдарындағы тамақтану сапасына мониторинг жургізу жөніндегі комиссияларға арналған жаднама. (Памятка для комиссий по мониторингу качества питания в организациях образования)

Жаңа, 2021-2022 оқу жылының «Жалпы білім беретін мектептердегі білім мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілген қызмет стандарты негізінде жұмыстар жүргізіліп жатыр.  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығының  10-қосымшасы “Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен  тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және  жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну”, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына сәйкес, осы қағидалар   «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 21-тармақшасына сәйкес әзірленген және мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерге мынадай санаттағы оқушылар жатады.

1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;

2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;

3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға;

4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;

5) білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына (бұдан әрі – білім алушылар мен тәрбиеленушілер) қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен есепке алу тәртібін айқындайды.

2021-2020 оқу жылындағы жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, атаулы әлеуметтік көмек алатын және аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету жолдары мен жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі 33,260 теңгені құрайтындығы туралы ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізілгендігі және 5 ата-анадан 13 өтініш түсті.

Олар:

  • Жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны- 3;
  •  Жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар саны-10. Бұл оқушылардың отбасы мүшелерінің кіріс табысы есептеліп, «Қамқоршылық кеңесі» отырысында қаралып, өтініштері мақұлданып, аудандық білім бөліміне ұсынылды.

Сонымен бірге «Білім беру обьектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар » санитарлық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығы негізінде тамақтану сапасын мерзімдік бағалауды жүргізу үшін комиссиясы құрылды. Мұғалжар жалпы білім беретін орта мекетбіндегі ыстық тамақтың ұйымдастырылуын бақылау және бракеражды комиссиясы төмендегідей құрамда бекітілді.  

1.Комиссия төрағасы:       Е.Кулумшмн – мектеп директоры

     2.Төраға орынбасары:      Ж.Абишева  –  ДТІО

     3.Мүшелері:                    Д.Алекенов – әлеуметтік педагог 

                                               Д.Кулкаева – қамқоршылық кеңесінің төрайымы

                                                  Г.Нұрахметова – ата-аналар комитетінің төрайымы

                                               Г.Сарсенбаева – ДШІО

                                               Б.Бисенова – мектеп медбикесі

Хатшы:                             М.Усенова – тәлімгер.

Күн сайын мектеп медбикесі тағамдардың және аспаздық өнімдердің сапасын органолептикалық бағалау журналына жазба енгізіп, дайын тағамдардың сапасына органолептикалық бағалау жүргізді. Сонымен бірге бракеражды комиссияның жоспары жасалып, жоспар бойынша тамақ өнімдерінің сапасын бақылау, асханадағы ыдыстардың  дұрыс жуылуын және сынған, жарылған ыдыстардың қолданылмауын, оқушылардың дұрыс тамақтануын, күнделікті тағамның ас мәзіріне сай берілуі, келген өнімдердің сертификаттарын тексеру жұмыстары жүргізіліп тұрды.