1 қыркүйек «Білім күні» қарсаңында

1 қыркүйек «Білім күні» қарсаңында

1 қыркүйек «Білім күні» қарсаңында, Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалиннің бекітуімен «Даму бұзылған және тәуекел тобындағы балаларға кешенді көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселелері бойынша «Қамқорлық» жол картасының 6-тармағын негізге ала отырып, Мұғалжар аудандық білім бөліміне қарасты Қандыағаш қалалық №4 ЖББОМ жанындағы Инклюзивтік білім беруді қолдау кабинеті ашылды.
Жаңадан ашылған кабинет ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларға инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық, тәжірибелік-әдістемелік қолдау мақсатында ашылып отыр.
Санитарлық эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып кабинеттің салтанатты түрде лента қию рәсімі Мұғалжар аудандық білім бөлім басшысы Нұрсұлтанова Ғани Батиханқызы мен кәсіп одақ ұйымының төрағасы Шымқаев Есімхан Әбенұлына берілді.
Мектеп директоры Мусина Гулмира Нысановна қонақтарға кабинет жұмысымен таныстырды.
Мектеп ұжымына жаңа оқу жылына сәттілік тілейміз.