«Білім күні» қарсаңында

«Білім күні» қарсаңында

1 қыркүйек «Білім күні» қарсаңында,  Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалиннің бекітуімен «Даму бұзылған және тәуекел тобындағы балаларға кешенді көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселелері бойынша «Қамқорлық» жол картасының 6-тармағын негізге ала отырып, Мұғалжар аудандық білім бөліміне қарасты Ембі қалалық №2 ЖББОМ жанындағы Инклюзивтік білім беруді қолдау кабинеті ашылды.
Жаңадан ашылған кабинет ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларға инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық, тәжірибелік-әдістемелік қолдау мақсатында ашылып отыр.
Кабинеттің  ашылу салтанаты санитарлық эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып,  Мұғалжар аудандық білім бөлім әдіскері Коджаева Айгул Сайпадиновна мен қамқоршылық кеңес төрағасы   Бекжанова Дина Жубантаевна және мектеп ұжымының  қатысуымен өтті.