ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР, ОҚУШЫЛАР!

ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР, ОҚУШЫЛАР!

Баршаңызды 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Қадірлі ұстаздар!
Әр шәкіртке білім мен тәлім-тәрбие беріп, рухани құндылыққа баулуда Сіздердің еңбектеріңіз  ұшан-теңіз.
 Биылғы үш түрлі форматта жүргізілген оқыту процесін абыроймен атқарып, сындарлы кезеңде шыдамдылық пен төзімділік танытқандарыңыз үшін Сіздреге алғысымды білдіремін.
Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйған ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын.
Қымбатты оқушылар!
Биылғы оқу жылында түрлі деңгейдегі білім бәсекесіне қатысып, жақсы жетістіктерге жеттіңіздер.
Ел ертеңі, ақылына білімі сай тәуелсіз елдің жастары – сендер.
 Алдағы жазғы демалыстарыңызды қызықты, мәнді де сәнді өткізіп, жаңа оқу жылына тың серпінмен, жаңа күш-жігермен келулеріңізді тілеймін.
Аяулы жас түлектер!
Осыдан санаулы ғана жылдар бұрын білім ұясының қастерлі табалдырығын жасқана  аттап, тәлім берер алғашқы ұстазыңызбен жүздесіп, білім нәріне бас қойған едіңіздер.
  Бүгінгі қағылар соңғы қоңырау үні сіздердің балдәурен балалықтарыңыздың артта қалып, жауапкершілігі мол азаматтық биікке көтерілудің ескертуі іспетті.
 Осынау кезеңдерде өмір кемеңіздің желкенін еш уақытта түсірмеу үшін, бойларыңыздан білім мен білік, батылдық табылатынына сенеміз.
Сәт сапар, түлектер!
Ізгі ниетпен: Ғ.Нұрсұлтанова,
Мұғалжар ауданының білім бөлімі басшысы