СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ

Мұғалжар аудандық білім бөліміне қарасты мектептерде 2020 – 2021 оқу жылындағы «Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны 25 мамырда соғылды.
ҚР БҒМ 2021 жылғы 5 мамырдағы «2020-2021 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттауды өткізу мерзімдерін бекіту туралы» № 203 бұйрығы басшылыққа алынып, өткізілді.
 Аудан бойынша 2020 – 2021 оқу жылын 12326 оқушы аяқтап отыр, оның ішінде 11 класты 531 оқушы,9 класты 998 оқушы аяқтауда. Аудандағы дәстүрлі форматта (300 – ге дейін оқушылары бар) оқыған мектептер мен мектеп бітіруші 9 және 11 сынып түлектеріне арналған салтанатты жиын мектеп аумағында таза ауада ұйымдастырылды.
Соңғы қоңырау шарасы санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, ашық алаңда өткізілді. Санитарлық талаптар маскалық режимді сақтау, ара қашықтықты (1,5 м.) сақтау, бір ата – анадан келу мектеп әкімшілігі тарапынан қатаң бақыланды. Салтанатты шара кезең-кезеңімен мектеп аумағындағы тек бір сынып түлектері үшін өткізілді. Шараның ұзақтығы 45 минуттан асқан жоқ, әр сынып үшін өткізілетін салтанатты шаралардың аралығы 30 минуттан болды.
Соңғы қоңырау белгілі бір сыныпты аяқтап келесі сыныпқа өту және жазғы демалыс уақытының басталуына байланысты жазғы демалыс іс – шаралары туралы жұмыстар, ал 9 және 11 сыныптар үшін мектеп бітіру іс – шарасы болып есептеледі.