«Дебат-достық алаңы»

«Дебат-достық алаңы»

«Ұшқыр ой алаңы» мәдени-білім беру жобасы аясында Мұғалжар ауданының білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдарындағы Дебат клубтарының жұмысын жандандыру мақсатында санитарлық талаптарды сақтай отырып, (оффлайн форматта) «Дебат-достық алаңы» тақырыбында аудандық семинар-тренинг өтті.
Семинарда Мұғалжар ауданына бекітілген координатор Майлишов Бекбол мырза өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
Семинарға аудандағы барлық білім беру ұйымдарының дебат клубы жетекшілері және клуб президенттері қатысты.
Семинарда «Дебат клубының ұйымдастырылуы» және «Американдық-парламенттік формат ережесі» түсіндірілді. Бес сағатқа созылған семинар-тренинг жоғары деңгейде өтті. Қатысушы жетекшілер мен оқушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақтар қойып, өзара пікір алмасты.
Семинар соныңда қатысушылар, ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.
Ұйымдастырушы әдіскер: А.К.Изтлеуова