ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП

ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП

Бүгінгі таңда оқушылардың кітап оқу құзіреттілігін қалыптастыру өте маңызды. Мектеп оқушысының кітап оқуға құштарлығын дамыту білім жаңғыртуда басым бағыттардың бірі болып табылады.
А.Жұбанов атындағы жалпы білім беретін орта мектептебінің кітапханашы Есенжол Айым Қайсарқызының демеушілігімен «Оқуға құштар мектеп жобасы» іске қосылды. Сонымен қатар «Мектепке кітап сыйла» акциясы аясында ең алғашқы болып мектеп ұжымы 70дана көркем-әдеби кітаптары және QR-кодпен 30дана кітаптар сыйлады.