ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ПРАКТИКУМ

ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ПРАКТИКУМ

«Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін арттыруды тиімді ұйымдастыру жолдары» тақырыбында облыстық онлайн семинар-практикумына 80 мұғалім қатысты.
Шара Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы Мұғалжар ауданы, #4 Қандыағаш қалалық ЖББОМ өткізді. Мақсаты:
Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби шеберліктерін жетілдіру,оқу үдерісін ұйымдастыру қабілеттерін тиімді қолданудағы шығармашылық ізденістерімен бөлісу, өзіндік тәжірибелерін көрсету арқылы шеберліктерін арттыру. Семинарды Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері Жубаева Светлана Оңаевна, аудандық білім бөлімінің әдіскері Айтбаева Жансұлу Жәдігерқызы ашты. Семинардың теориялық бөлімінде
» Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби біліктілігі заман талабы» тақырыбында бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі орынбасары А.Алмағанбетова оқу үрдісін ұйымдастыру барысында қолданылатын нормативті құжаттармен теориялық бөлімінде таныстырып өтті. Семинардың практикалық бөлімінде «Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» тақырыбында М.Ершекенова өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
Оқу процесін қашықтан оқыту жағдайында қолданылатын цифрлық білім беру ресурстарын қолдану жолдарын Г.Турабаева көрсетіп, тест құрастыруды түсіндірді.
 Оқу үдерісінде белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдарымен және саралау тәсілдерін тиімді пайдалану жолдарын бастауыш сынып мұғалімдері Э.Мусирова, А.Жанесенова, Г.Карагулова өз іс-тәжірибелеріндегі әдіс-тәсілдерін әріптестермен бөлісті. Бастауыш сынып әдістемелік-шығармашылық жұмыстарының SVOT талдау жұмысын бірлестік жетекшісі Г.Әділханова таныстырды. Қатысушы педагогтармен «Өз таңдауыңызды жасаңыз» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімі Г.Кенжебаева кері байланыс жасап, сұхбат жүргізді.
Семинар өте жоғары деңгейде өтуiне атсалысқан әріптестерге алғыс айтамыз.