Бастауыш сыныптардың білімқұмар дарынды оқушылары  анықталды!

Бастауыш сыныптардың білімқұмар дарынды оқушылары анықталды!

Бүгін, 14 мамыр бастауыш класс оқушыларына арналған облыстық математикалық «Бастау» атты құрама командалық турнирінің аудандық кезеңі онлай форматта өтті.
Олимпиаданың мақсаты математикалық қабілеті айқын білінген дарынды бастауыш мектеп оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау көрсету .
Аталған турнирге 24 команда  (72 оқушы) қатысты. Оның ішінде  қазақ тобы-21, орыс тобы-3;
Жүлделі І орын  иеленген №2 Қандыағаш қалалық ЖББОМ » Bilimpaz» және №5 Қандыағаш қалалық  ЖББОМ «Мыслители»  тобының оқушылары а.ж. 20 мамыр күні өтетін облыстық  кезеңде ауданымыздың намысын қорғайды.
Ендеше, оқушыларымызға сәттілік!