«Үздік жыл психологі-2021»

«Үздік жыл психологі-2021»

06 мамыр 2021 жылы Дарынды балалар мәселесі жөніндегі психологтердің Шығармашылық лабораториясының жұмыс жоспарына сәйкес,  аудан мектеп психологтерінің арасында республикалық «Үздік жыл психологі-2021» байқауының аудандық кезеңі өтті.
Байқауға орта білім беру ұйымынан және мектепке дейінгі ұйымнан сұраныс негізінде 7 психолог қатысты.
Байқау мақсаты —  талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіптік біліктілігін көрсете алатын психологтерді анықтау, қолдау және озық тәжірибесін насихаттау.
Қатысушылар өздерінің авторлық бағдарламасын ұсынып,  тәжірибе алмасты.
Байқаудың облыстық кезеңіне
– Шалхарова Шолпан Утеуовна
– Кудайбергенова Элеонора Нагашибаевна
– Уразалина Макпал Бакеновна
– Қалмұқаш Жангул Жұмабайқызы  жолдама алды.  Облыстық кезеңге өткен психологтерді құттықтаймыз