7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

Бүгін, бөлім басшысы Ғ.Нұрсұлтанова мен аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ  ұйымының төрағасы Е.Шымқаев 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен аудандағы алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдерін құттықтады. Осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, отбасыларына амандық, береке-бірлік, еңбекте жеміс пен шығармашылық табыстар тіледі.
Арнайы алғыс хатпен марапатталып, сыйақы табысталды.