Аудандық шебер класс

Аудандық шебер класс

Аудандық әдістемелік кабинеттің жылдық жоспарына сәйкес 20 сәуір күні А. Жұбанов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің психологы педагог-зерттеуші Елжанова Гулкенже Канатжановна аудан психологтарына «Үлгермеуші оқушылармен психологиялық диагностика жүргізу және түзету жолдары»  тақырыбында шебер класс өткізді.
Мақсаты — үлгерімі төмен оқушылармен психологиялық диагностика жүргізе отырып,  жеке тұлғаның мүмкіншіліктерін ашу,  пәнге деген қызығушылықтарын анықтау және танымдық қабілетін дамыту.
Шебер класс барысында мектеп психологтары тәжірибе алмасып,  өз білімдерімен бөлісті.
Ұйымдастырушы әдіскер А. Коджаева