«Оқуға құштар  мектеп»

«Оқуға құштар мектеп»

«Сағашилі ЖББ ОМ» КММ-сі 2020-2021 жыл  «Оқуға

құштар  мектеп» жобасы аясында атқарылған жұмыстар

     Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес  «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. «Оқуға құштар мектеп» жобасыны аясында мектеп кітапханасында   іс-шаралар, көрмелер, акция ұйымдастырылған болатын. Олар:

  1. Ұлттың рухани және интеллектуалды ілгерілеуінің құралы ретіндегі оқылым іс-әрекетіне балаларды және жастарды тарту мақсатында  мектебімізде «Оқуға құштар мектеп» бұрышы жасалды.
  2. Халықтың рухани байлығын дамытып, кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтыру,оқырман мен кітапхана арасын нығайту мақсатында – «Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы өткізіліп жатыр.
  3. 1 наурыз Алғыс айту күніне орай мектеп кітапханасында ашық есік күні ұйымдастырылды.
  4. 1-11 сынып оқушылары арасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Ең үздік оқырман сынып» ,
  5. «Ең үздік оқырман»,
  6. «Ең үздік оқушылар» атты іс-шаралар ұйымдастырылды.
  7. «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында 1-11 сынып оқушыларына арнап «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
  8. «Кітап оқу күні» Халықаралық кітап күніне орай мектеп кітапханасында мұғалімдер мен оқушылар арасында кітап оқу күні өткізілді.

Мектеп кітапханашысы: Мұңайтпас М.А.