«Оқуға құштар  мектеп»

«Оқуға құштар мектеп»

Қ.Жұбанов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі 2020-2021 жыл

«Оқуға құштар  мектеп» жобасы аясында атқарылған жұмыстар 

 Бүгінгі таңда оқушылардың кітап оқу құзыреттілігін қалыптастыру өте маңызды міндет болып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында  «Оқуға құштар мектеп»  жобасы мектебімізде  ұйымдастырылуда. Оқушыларды кітап оқуға баулу мақсатында  іс-шаралар, көрмелер, акциялар өткізіліп жатыр.

  1. «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» атты кітап көрме ұйымдастырылды, кітап көрмесінде поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы авторлардың 30 ең үздік жұмыстарымен таныстырылды.
  2. Көркем әдебиеттерге деген оқушылар мен жастардың қызығушылығын арттыру мақсатында кітапханада және әр кластарда «Оқуға құштар мектеп» бұрышы ашылып, өз оқырмандарына қызмет етуде.
  3. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ұйымдастырылған «Мектепке кітап сыйла!» акциясына ата-аналар, ұстаздар, кіші қызметкерлер бірнеше кітаптарды сыйға тартты. «Мектепке кітап сыйла» акциясы әліде жалғасуда.
  4. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашуға қазақ тілі пәнінің мұғалімдері 5-7 сынып арасынан «Кітап білім бұлағы» атты эссе алынды.
  5. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Отбасыммен бірге оқимыз» атты отбасылық оқу өткізілуде. МАД тобынан бастап 7 сынып аралығында.