«Алтын сақа» математикалық олимпиадасы

«Алтын сақа» математикалық олимпиадасы

«Ақтөбе-Дарын» ӨҒТҚББ орталығы, «Zerdeli» ақыл ой дамыту орталығымен бірлесіп, 4,5,6 сынып оқушылары арасында «Алтын сақа» математикалық олимпиадасын онлайн режимде өткізді. Олимпиада  мектепішілік және  қалалық кезеңде өтті.
Олимпиаданың аудандық кезеңіне жалпы 33 мектептен 396 оқушы қатысып, ең жоғары балл иеленген 6 оқушы:

4 кл-Сайлыбай Даниал (№5 Қандыағаш қалалық ЖББОМ),

4 кл-Кеңесжан Нұрайша (Қандыағаш қалалық №3 МГ),

5 кл-Жанзақ Аружан (Құмжарған НОМ), 5 кл-Жарменова Ақбота (Сағашилі ЖББОМ),

6 кл-Бағыбергенова Нұрай  (Құмжарған НОМ),

6 кл-Аязбай Нұрлыбай  (Құмжарған НОМ) облыстық кезеңге қатысып жеңімпаз атанды.
Олар:

Қандыағаш қалалық №3 МГ 4 класс оқушсы Кеңесжан Нұрайша- І дәрежелі диплом және 20 000 теңгеге сертификат;

Құмжарған НОМ 6 класс оқушысы Бағыбергенова Нұрай- ІІІ дәрежелі Диплом.

Сонымен бірге «Алтын сақа» математикалық олимпиадасына белсенді қатысып, оқушылары орта балдан жоғары балл жинаған мектептердің рейтингі бойынша І дәрежелі дипломмен Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясы марапатталды.

Оқушыларды жеңістеріңізбен құттықтаймыз!