Әдістемелік күн

Әдістемелік күн

2021 жылғы наурыз айының 19-жұлдызында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы және Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің әдістемелік айлық аясында zoom платформасында әдістемелік күн өткізілді. Әдістемелік күн аясында «Бастауыш сыныптарда әдістемелік қызметті жүзеге асыру жолдары» , «Жалпы білім беретін ұйымдарда кәсіби бағдар беру жұмысы туралы» тақырыптары талқыланды. Әдістемелік күн барысында әдістемелік қызметті ұйымдастыруда басшылыққа алатын маңызды мәселелер қозғалды.