«Поэзия дәмі» атты әдеби кафе шарасы өтті.

«Поэзия дәмі» атты әдеби кафе шарасы өтті.

№1 Қандыағаш қалалық жбб орта мектебінің кітапхана меңгерушісі А.С. Мұқанованың ұйымдастыруымен, «Оқуға құштар мектеп «жобасы, » Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына -30 кітап» акциясы аясында «Поэзия дәмі» атты әдеби кафе шарасы өтті. Мақсаты, Ұ.Есдәулеттің «Киіз кітап» кітабын таныстыру,насихаттау. Әдеби кафе ас мәзірі :
1 . Тіске басар – тәбет ашар тағам, шараға қатысушылар ақынның сөзіне жазылған «Заманай»,»Құс жолы» әндерін орындады,
2 . Ыстық тағам- ең құнарлы ,негізгі тағам, «Киіз кітап» кітабының мазмұнымен,шығарманың өзектілігімен, әр тараудың құрылымымен таныстырылды.
3.Сусындар – коктейль, шараға қатысушылар ақынның кітабынан өздеріне ұнаған өлең жолдарын орысша ,қазақша оқыды. 4 . Десерт – әдеби джем, берілген сөздерден «Киіз кітаптан» алынған өлең жолдарын құрастырды. Кафенің қосымша қызметі, «Үйге алу тағамы» – ұялы телефонға электронды кітаптарды жүктеп алу. Қатысушылардың белсенділігі арқасында әдеби кафе шарасы жоғары деңгейде өтті.