Олимпиада

Олимпиада

2021 жылғы 8-11 ақпан күндері өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІ кезеңі (аудандық) аяқталды. Пәндік олимпиада барлық санитарлық нормалардың сақталуымен бекітілген кестеге сәйкес оффлайн түрде 4 күн өтті. Олимпиадаға 468 оқушы қатысып, он төрт пән бойынша жүлделі І орын иеленген 29 оқушы а.ж. 22 ақпан-3 наурыз аралығында өтетін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ кезеңіне (обыстық) жолдама алды.
Білім додасына қатысып, жүлдегер атанған дарынды оқушыларымызды құттықтаймыз!