Олимпиада

Олимпиада

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің биология және химия пәндері бойынша  санитарлық нормаларды сақтай отырып олимпиада офлайн түрде басталды
Олимпиаданың басты мақсаттары: дарынды және талантты, тапқыр және мақсатқа ұмтылған балаларды анықтау, оқушылардың зияткерлік және аналитикалық ойлауын, олардың таным деңгейін,тапқырлығын, ұстамдылығы мен шыдамдылығын анықтау.
Олимпиада 2021 жылдың  8-12 ақпан аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 класс аралығында  жалпы  пәндік олимпиада Қандыағаш қалалық №3 орта мектеп гимназиясында  өткізілуде.
Олимпиада бір турдан тұрады: I тур – жазбаша түрде жүргізіледі.
Тапсырмалар мен олардың шешімдері тур өткізілгеннен кейін білім бөлімінің инстаграм парақшасында жарияланады.
Пәндік олимпиаданы өткізу барысын бақылау үшін тәуелсіз сарапшылар ретінде Қамқоршылық кеңесінің төрағалары, педагогикалық еңбек ардагерлері, Нұр Отан партиясының өкілі, ата-аналар комитетінің төрағалары шақырылып қатыстырылуда.
Оқушыларға сәттілік тілейміз!