Кездесу  

Кездесу  

2021  жылдың  03  ақпанында  Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Ғ.С.Қобландин  Қандыағаш қалалық №3  ЖББМГ – ның  мәжіліс  залында  Қандыағаш  қалалық №2 ЖББОМ – нің,Қандыағаш қалалық №3 ЖББМГ – ның  және  Қандыағаш  қалалық №4  ЖББОМ – нің  оқушыларымен, ата – аналарымен  кездесу  өткізді. Кездесуде  басты тақырып кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстылықтың алдын алу  болды.Кездесуге ардагер ұстаздар Б.З.Бакиев, С.К.Адилова және Қандыағаш  қалалық №3 ЖБББМГ – ның  ата-аналар комитетінің төрайымы Р.И.Жанайдарова  қатысты.Осы кездесуде оқушыларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтары мен міндеттері, жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заң бұзушылықтың, қылмыстың ахуалы мысалдар ретінде келтірілді. Бүгінгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл қазіргі таңда көкейкесті мәселелердің біріне айналып отыр, себебі, өмірде қиын жағдайға душар болған жасөспірімдер саны азаяр емес. Оқушылар арасында тәртіп бұзушылықты болдырмау, тәртібі ауыр оқушылармен жұмыс жүргізу арқылы қылмыстың алдын алу бағытындағы шараларға көңіл бөлінедіЖасөспірімдер жасаған құқық бұзушылықтардың басым көпшілігі мүліктік сипатта. Ұсақ қылмыстар, ұрлау, тонау, денсаулығына қасақана зақым келтіру, бұзақылық сияқты құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың орын алуының басты себебі –  жас өспірімдердің бос жүруімен байланысты екендігі айтылып,нақты міндеттер белгіленді.
  Кездесу барысында Мұғалжар аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі А.Тулемисова 2020 жылда кәмелетке толмағандар  арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясының психологі М.Б.Уразалина  құқық бұзушылыққа бейім оқушылармен жүргізілетін психологиялық жұмыстар» тақырыбында баяндама оқып, оқушылармен “Ашу-ызаны болдырмау”, “Менің басты құндылықтарым” тақырыбында тренингтер өткізді