Дебат

Дебат

Ақкемер ЖББОМ-де Қазақстан Республикасында білім және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында «Ұшқыр ой алаңы» оқушылардың мәдени-білім беру жалпыұлттық дебаттық қозғалысының жобасы іске асырылуда,  соған орай мектебімізде «Ақиқат » дебаттық клубы ашылды.  2021жылдың 29 қаңтарында Ресурстық орталық бойынша «Ақиқат»  дебаттық клубының жанында магниттік мектептер арасында «Білімді болу-патриотизм деп саналады» тақырыбында патриоттық  тәрбие бағыты бойынша ZOOM оқыту платформасы арқылы пікірсайыс ұйымдастырылды. Пікірсайысқа жеребе тастау арқылы Елек негізгі мектебі мен Көтібар негізгі мектебі сайысқа түсті. Сайыс өте қызу талқыда өтті. Пікірсайыс соңында өздерінің шешендіктерімен, тапқырлықтарымен ерекше көзге түсіп, пікірсайыс барысында қызу ойын ойнаған Елек негізгі орта мектебі келесі төрртік финалға жолдама алды.
Ұйымдастырушылар: Буркуталина А. Т.
Қосанова Г. Т.  және де сайысқа келіп, әділқазы болған  мектебіміздің белсенді оқушысы, «Ақиқат» дебат клубының президенті Алтыбаева Раушанға алғысымызды білдіреміз.
#АқтөбеҰшқыройалаңы