Мұғалжар аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеті 2021 жылдың 18 қаңтарында аудандағы жалпы орта білім беретін мектептердің директорлардың ғылыми – әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарларына және педагогтардың аттестациясына жауапты қызметкерлеріне «Мұғалжар ауданының педагог – қызметкерлерін аттестациялау,Е – портфолио жұмысы туралы» атты тақырыпта вебинар өткізді. Вебинарға аудандағы жалпы білім беру мекемелеріндегі директордың ғылыми – әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары. педагогтардың аттестациясына жауапты қызметкерлер,барлығы 42 педагог қатысты.
Вебинарда педагог – қызметкерлерді аттестациялау,Е – портфолионы толтыру, ҰБТ ерекшеліктері туралы айтылды.