Мұғалжар аудандық білім бөлімі 2021 жылдың 06 қаңтар күні жергілікті уақытпен сағат 17.00 – де ҚР БжҒМ – нің 2020 жылдың 28 желтоқсандағы № 548 бұйрығын талқылау бойынша вебинар өткізді. Вебинарға аудандағы жалпы орта білім беру мекемелерінің директорлары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, аудандық әдістемелік кабинет әдіскерлері барлығы 65 қызметкер қатысты.Вебинар Zoom платформасында өтті. Вебинарда 2020 жылдың 28 желтоқсандағы № 548 бұйрығы талқыланды,әсіресе 9, 11 – сыныптарды аралас форматта оқытуды ұйымдастыру – пәндердің 70% – ы штаттық режимде, 30% – ы қашықтықтан оқылатындығы айтылды. 9,11 сынып білім алушыларының аралас оқыту форматына көшуі бітіруші сыныптарды қорытынды аттестаттауға және Ұлттық бірыңғай тестілеу мен жоғары оқу орындары мен колледждерге түсу емтихандарын тапсыруға дайындаумен негізделеді.Оқытуды ұйымдастыру мынадай түрде жүзеге асырылатын болады: Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәндерінің 70% – ы штаттық форматта және оқу пәндерінің 30% – ы санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, қашықтықтан оқыту туралы айтылып, талқыланды.
