«Жансая» бөбекжай-бақшасында

«Жансая» бөбекжай-бақшасында

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында  «Жансая» бөбекжай-бақшасында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары А.Бердалиннің хатына сайкес инклюзивтік білім беруді қолдау негізінде психикалық дамуы тежелген 15  балаға арналған арнайы топ ашылып, өз жұмысын бастады.
Жаңа ашылған «Балдәурен» тобы ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларға инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық, тәжірибелік-әдістемелік қолдау мақсатында ашылып отыр.
Арнайы топ балаларының психикалық даму бұзылыстарын түзетуді топтық, шағын топтық және жеке түзету сабақтарында педагог-дефектолог, психолог, педагог-логопеда мамандары жүзеге асырады.
Арнайы топтың ашылу салтанатына Мұғалжар аудандық білім бөлімі басшысы Нұрсұлтанова Гаинин Батиханқызының қатысуымен өтті.