Жаңа жыл мерекесі қарсаңында, Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалиннің бекітуімен «Даму бұзылған және тәуекел тобындағы балаларға кешенді көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселелері бойынша «Қамқорлық» жол картасының 6-тармағын негізге ала отырып, Мұғалжар аудандық білім бөліміне қарасты Қандыағаш қалалық №3 МГ жанындағы Инклюзивтік білім беруді қолдау кабинеті ашылып, өз жұмысын бастады.
Жаңадан ашылған кабинет ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларға инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық, тәжірибелік-әдістемелік қолдау мақсатында ашылып отыр.
Кабинеттің ашылу салтанаты санитарлық эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, Мұғалжар аудандық білім бөлімі басшысы Нурсултанова Ганин Батихановна мен мектеп мұғалімдерінің қатысуымен өтті.