«Мың бала» ұлттық олимпиадасы

«Мың бала» ұлттық олимпиадасы

Тұңғыш Президент Қорының бастамасымен ұйымдастырылған «Ел үміті» жобасы 2019 жылы біздің облысымыздан бастау алған болатын.
      «Мың бала» ұлттық олимпиадасы ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдайлар жасау мақсатында жүзеге асырылды.
        Олимпиаданың  бірінші кезеңіне облыстың 282 ауыл мектебінен  8098 оқушы қатысты. Олимпиаданың  ІІ кезеңіне қатысқан  200 оқушының 34-і жеңімпаз атанды. Мұғалжар ауданының әкімі Шериязданов Асқар Тұрарұлы  #мыңбалареспубликалықбайқауына қатысып, жүлдегер атанған Мұғалжар жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы Жалғас Еркенұрды  Нұрсұлтан Назарбаев Қорының тарапынан жіберілген сыйлық пен дипломды салтанатты түрде табыстады.
Бүгінгі таңда Еркенұр Елбасы Академиясының «Birge oqy» онлайн қашықтан оқыту мектебінде  білім алуда.
Мың бала ұлттық зияткерлік олимпиаданың жеңімпаздары мен ұстаздарын құттықтаймыз! Жарайсың, Еркенұр!  Талабың өрге жүзсін!