МҰНЫҢ БӘРІ ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН!

МҰНЫҢ БӘРІ ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН!

Әр мектептен компьютерге мұқтаж отбасы балаларының тізімі алынып жинақталып, аудандағы оқушылардың қашықтан оқуын ұйымдастыру және білім сапасын арттыру мақсатында 950 ноутбукке сұраныс жасалды.
Келген ноутбуктерді үйлестірмес бұрын арнайы комиссия құрылды.
Комиссия құрамына бөлім қызметкерлері, мектептің информатика пәні мұғалімдері, қамқоршылық кеңесінің мүшелері және ата-аналар комитеті қосылып, сапасын тексеріп қабылдап алып, оқушыларға таратылуда.
Барлық ноутбуктер мектептің баланысына алынып, қашықтан оқыту аяқталғанша тұтынатын болады.