Конференция

Конференция

Ақтөбе облыстық білім басқармасының облыстық жоспарына сәйкес, 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Мұғалжар аудандық білім бөліміне қарасты қашықтан оқитын 18 мектепте 2020 жылдың 25 қарашасында «Еркін елдің ертеңі», «Ғасыр адамы» атты тақырыптарда конференция өткізілді. Конференцияға аудан бойынша 500 мұғалім қатысты. Конференцияның басты мақсаты: Нұрсұлтан Назарбаев егемен Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосқан қазақстандық мемлекеттіліктің бастауында тұрған аса көрнекті тұлға екендігін және Елбасы Н. Назарбаевтың дана саясатының арқасында Қазақстан әлемдік аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізгендігін көрсету. Конференцияға шақырылған дәріскерлер ретінде аудандық мәслихат депутаты Г.Жұмабаева,«Нұр Отан» Мұғалжар аудандық филиалының төрағасы К.Бектұрғанов, «Жас Отан» партияларының өкілдері,қатысып, өз ойларын ортаға салды.