Мектеп тамақтану

Мектеп тамақтану

«Елек негізгі орта мектебі» КММ бойынша білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруды қамтамасыз ету туралы жалпы мәлімет

«Елек негізгі орта мектебі» КММ бойынша былтырғы оқу жылында 8 оқушы ыстық тамақпен қамтылды.

Білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығымен бекітілген  «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу» қағидаларына сай жүргізілді. Осы қағидада мектеп әкімшілігінің негізгі міндеттері айқындалған: білім алушыларды тиімді тамақтандырумен қамтамасыз ету, тамақ өнімдерінің сапасына және қауіпсіздігіне кепілдік беру, білім алушылар арасында тамақтан уланудың алдын алуға бағытталған санитарлық талаптарды сақтау болып табылады.

      Қағиданың 69-тармағына сәйкес, тамақтану сапасын мерзімдік бағалауды бракераж комиссиясы жүргізеді, оның құрамы міндетті түрде орта білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитеті, мектеп әкімшілігі өкілдерінің, білім беру ұйымының медициналық пунктінің медицина қызметкерінің қатысуымен тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрылады, төрағасы білім беру ұйымының басшысы болады.

Аталмыш ас мәзірін бағалау тәжірибесі нәтижесінде берілетін ыстық тамақтың бағалау қорытындысы бойынша мектеп аспазшылары тамақ дәмді пісіреді. Оқушылар сүйсіне жейді.

Сонымен қатар, мектеп медбикесі мектеп оқушыларының арасында тамақтануға байланысты сауалнама жүргізіп отырады. Сауалнама қорытындысына сәйкес, балалардың басым бөлігі пепси-кола ішкенді, гамбургер, хот-дог, сэндвич, пицца, майға қуырылған картоп, қуырылған жұмыртқа жегенді ұнататындықтарын жазған. Бұл – көпшілік ата-ана баласының дұрыс тамақтануына көңіл бөлмейді деген сөз. Аталған өнімдердің адам ағзасына зияндылығы туралы да мектеп медбикесі түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

«Мұғалжар аудандық білім бөлімі» ММ-сі «Мектеп асханасы» республикалық  акциясы

Ақтөбе облыстық білім басқармасының 24.01.2020 жылғы №2-313 хатына сәйке, 27 қаңтар мен 27 ақпан аралығында «мектеп асханасы» республикалық акциясы аясында, білім бөлімі жанынан аудан мектептеріндегі оқушылардың тамақтандыруының ұйымдастрылуын талдау бойынша ведомствоаралық эксперттік жұмыс тобы құрылған.

      Акция аясында мектебімізде оқушылардың тамақтану, тәртібін, тағамның мөлшерін, сапасын, асхананың санитарлық жағдайын мектеп медбикесі және бракеражды комиссиясы үнемі тексеріп, қадағалап отырады. Күнделікіті аспаз еңбегіне кері байланыс бағалау жүргізіліп отырады.

Қазіргі таңда болып жатқан пандемияға байланысты санитарлық гигиеналық талаптар ескеріліп оқушылар тамақтанбайды. Мектеп асханасының жұмысы уақытша тоқтатылды.